Өміріне қастандық жасалған Павлодардағы
«Ертіс» футбол клубының бас директоры Хәлімжан Ержанов ақыры қызметінен кететін
болды. Әзірге бұл жағдай мамыр айында болған оқиғамен байланыстырылмауда.
Еске салайық, «Ертіс» клубы мен
Семейдің «Спартагы» жасыл алаңда кездесіп, ертістіктер қарсыласын «талқандап» тастаған
еді. Сол күні түнде «Ертіс» футбол клубының басшыларына, оның ішінде Ержановқа
қастандық жасалды. Бетперде киген белгісіз
жігіттер клуб басшыларын темір тоқпақпен соққының астына алған.
Ал, бас директор Хәлімжан Ержановтың
қызметтен кетуі, оның денсаулығының нашарлауымен байланыстырылуда. Клуб басшысының арызы қабылданып, мақұлданған.
Айта өтейік, мамырдағы оқиғаға қатысы
бар деген 3 күдікті үсталып, қазір тергеу абақтысына қамалған.
Илхам ИБРАГИМ