Қазақстанда аптап ыстық әлі де
сақталады. Тіпті, кей жерлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі.
Бұл туралы «ҚазГидромет» орталығы хабаралады.
Еліміздің басым бөлігінде күндіз +32, +39
градус ыстық болады, ал жекелеген жерлерде +40, +43 градус ми қайнатар ыстық
күтілуде.
Мамандар еліміздің оңтүстігі мен
оңтүстік-шығысында қапырық ыстық салдарынан өрт қаупі күшейеді, деп ескерту
таратып жатыр. Орталық пен шығысында күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауғанымен
термометр көрсеткіші +40 градустан түсе қоймайды.
Ал, солтүстік облыстарда жаңбыр
салдарынан ауа көрсеткіші +30 градусқа төмендеуі мүмкін. Бірақ бұл да климаттық нормадан аса төмен емес. Сондықтан, мамандар ашық аспан астында көп жүріп қалмау қажет деп
ескертуде.
Илхам ИБРАГИМ