Ислам содырлары Ирак жерінде өздерінің
«халифатын» құрды деген ақпарат бар. Бұл туралы жақында ғаламторда пайда болған
дыбыстық жолдау арқылы «Ирак пен Леванттың Ислам мемлекеті» ұйымының мүшелері
хабарлады.
Кадр сыртында сөйлеген содырдың дауысы
барша мұсылманды «Ислам халифатына» шақырады. Ал,
ұйымды енді «Ислам мемлекеті» деп атайтынын хабарлаған. Дыбыстық хабарламаның
шынайы немесе жалған екендігі әлі анықтала қойған жоқ. Джихадшылар сондай-ақ,
Абу Бакр аль-Багдадиді өздерінің «халифі» әрі «барша мұсылмандардың көшбасшысы»
етіп сайлаған көрінеді. Енді, барша әлем мұсылмандары осы халифке бағынуы тиіс, - делінген
хабарламада.
Еске сала кетейік, қазір бұл
содырлардың қарамағында Сирияның кейбір аймақтары бар. Маусым айының басынан бері оларға Солтүстік Ирактың басты
мұнай жолдары орналасқан бірнеше аймақтары қосылған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ