Қазақстан мен Беларусь украин импортын
шектеуден бас тартты. Ресей Кеден одағы бойынша серіктес елдерге украин
тауарлары бойынша жаңа тәртіп енгізуді ұсынған болатын.
Алайда, Астана мен Минск бұл бастаманы қолдамады. Енді Мәскеу Украинаға қарсы
жалғыз әрекет етуге мәжбүр.
Еске салайық, Украина Еуропалық
одақпен қауымдастық құрса Ресей өз өндірушілерін қорғайтыны туралы ресми Мәскеу
президент Виктор Януковичтің тұсында мәлімдеген. Еуропалық
одақпен экономикалық қауымдастық туралы келісім өткен жұма бекітілді. Енді
Ресей ішкі нарыққа «Украина тауары» деген атпен еуропалық арзан өнімнің еніп
кетуінен сақтанып отыр. Ресей Федерациясы үкіметі аппараты мамандарының
пікірінше, Украинамен 600 шақырымға созылып жатқан шекараны жабу мүмкін емес
болғандықтан, Беларусь бұндай қадамға бармай отыр.
Ал, Қазақстан Әлемдік сауда ұйымына
кіруіне байланысты, келіссөздер талаптарына сай, бейтарап отыр, - дейді ресейлік
сарапшылар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ