$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Оңтүстік Дакотада тұтас бір қалашық сатылымға шықты

AstanaTV
30.06.2014ж. 13:00
1741
Оңтүстік Дакотада тұтас бір қалашық сатылымға шықты

Америкалық Ленс Бенсон есімді азамат өзінің 1998-жылы сатып алған «Svett» атты қалашығын саудаға қойды. Оңтүстік Дакотадағы жекеменшігін Ленс 400 мың долларға бағалаған. Шағын қалашықта Бенсондар отбасының үйі, шеберхана мен мейрамхана бар.

Айта кетейік, кәсіпкер мен оның жұбайы аталған елді мекеннің жалғыз тұрғындары. Қалашық инфрақұрылымның ішінде тек мейрамхана толыққанды қызмет етеді. 15 шақырым радиуста спирттік ішімдіктер табу мүмкін емес болғандықтан, жергілікті фермерлер бос уақыттарын осы жерде өткізетін көрінеді.

Жұрағат БАМАН