$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Байқоңырдағы ахуал оңалу үшін "Бәйтерек" ғарыш кешені жобасын тездетіп іске қосу керек - Қазғарыш басшылығы

AstanaTV
27.11.2015ж. 20:00
1266
Байқоңырдағы ахуал оңалу үшін "Бәйтерек" ғарыш кешені жобасын тездетіп іске қосу керек - Қазғарыш басшылығы

Байқоңырдағы жұмысшылардың қысқартылуы ғарыш айлағының жабылуына әкелуі мүмкін. Ал 40 мың тұрғыны бар қаланы сақтап қалу үшін "Бәйтерек" ғарыш кешенін жылдам іске қосу керек. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне Қазғарыш басшысының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді. Соңғы жылдары қиыр шығыста "Восточный" ғарыш айлағының құрылысына кіріскен Ресей қаржысының басым бөлігін сол жаққа әкете бастады. Мейірбек Молдабеков бұл үрдіс жалғаса берсе, Байқоңыр айлағы жабылуы мүмкін деп отыр.

Мейірбек Молдабеков, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл мәселені тек Қазақстанның Байқоңырды қаржыландыруға қатысуымен шешуге болады. Өйткені Байқоңырды бүгінге дейін тек Ресей қаржыландырып келген. Енді олар қаржысының жартысын шығысқа алып кеткесін, қаржыландыруды Қазақстан өзіне алып, сондағы жасалып жатқан қызметті өзіне алмаса, Байқоңырдың тіпті жабылуына әкеп тіреуі мүмкін. Байқоңыр қаласын сақтап, ондағы 40 мыңдай Қазақстан азаматтарының жұмыс орнын сақтап қалу үшін, Қазақстан өзінің қатысу үлесін көбейту керек.