$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Қазақстанға бет алған жүк көліктері Ресей-Грузия шекарасында қаңтарылып тұр

AstanaTV
27.11.2015ж. 20:00
1531
Қазақстанға бет алған жүк көліктері Ресей-Грузия шекарасында қаңтарылып тұр

Ресей кеденшілері Қазақстанға бет алған түрік номерлі жүк көліктерін Ресей-Грузия шекарасынан өткізбей жатыр. РИА новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазір бақылау бекетінде ондаған көлік жолға шыға алмай тұр.

Олардың арасында ТМД елдеріне бағыт алған көліктер де көп. Ресейлік кеденшілер түрік нөмірлі кейбір көліктерді кейін қайтарса, енді бірін бейтарап аймақта ұстап отыр. Тіпті түрік тауарларын тиегендер де шекараны аса алмауы мүмкін. Діттіген жерлеріне жете алмай тұрған жүргізушілердің айтуынша, кеденшілер жағдайды түсіндіріп жатқан жоқ.

Грузиядан оп-оңай өттік. Ресей жібермей жатыр. Өйткені тауарымыз түріктердікі. Біз болсақ, Қазақстанға бара жатырмыз. Неге жібермей жатқандарын кім білсін? Ұшақ апатына қатысты деп жатыр.

Айта өтейік, Ресей премьері Дмитрий Медведев атып түсрілген Су-24 ұшағынан соң Түркияға қарсы экономикалық санкция қолданатынын ашық айтты.  Ресей аймағындағы түрік кәсіпкерлерінің инвестицияларын бұғаттауымыз мүмкін деді. Сондай-ақ, түрік тауарларының импортына шектеу қойылатынын мәлімдеді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА