«Ұлт жоспары - бес
институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»
бағдарламасымен халықтың 74 пайызы таныс.
Тұңғыш Президент күніне
арналған әлеуметтанушылар форуымнда
осындай дерек келтірілді. Мамандар арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп, бұл олқылықтың бірнеше себебін анықтаған.
Айтуларынша, саясаттанушылар бағдарламаны жариялы түрде түсіндірмейді және
ақпараттандыру жағы ақсаңдап тұр.
Зарема Шәукенова, ҚР БҒМ
философия, саясаттану және дінтану институтының директоры:
Біз үнемі халықтың
стратегиялық бағдарламаға деген көзқарасын бақылап, әлеумет құжатты
қаншалықты ұққанын зерттейміз. Бүгінгі күннің ең маңызды бағдарламасымен отандастарымыздың 74 пайызы ғана таныс.
Олардың 11 пайызы қолдарына қалам алып, құжатты егжей-тегжейлі зерттесе, қалған
63 пайызы теледидар, радио арқылы біледі.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА