$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев: Ағашы, орманы бар өңір - әр уақытта бай өңір

AstanaTV
30.06.2014ж. 20:00
1946
Нұрсұлтан Назарбаев: Ағашы, орманы бар өңір - әр уақытта бай өңір

"Ағашы, орманы бар өңір - әр уақытта бай өңір". Астана маңындағы жасыл белдеуді аралаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Сондай-ақ шаһарды қоршай орналасқан әсем орман-тоғай сирек аң-құстармен толықты. Елорда іргесіндегі "Сафарий" паркіне бүгін 150 қырғауыл мен 20 шақты марал жіберілді. Оны Президент те тамашалады. 

Мемлекет басшысы Астана маңындағы жасыл белдеуді аралау кезінде жаңа бақтың тыныс-тіршілігімен танысты. "Сафарий паркіне" жіберілген 20 шақты маралдың күтімі жақсы болса, 5-6 жылда саны жүзге жетуі керек. Қазірде Астананың іші-сыртында 70 мың гектар аумақта ағаш отырғызылған. 2020 жылға қарай оны 100 мың гектарға жеткізу көзделген.

Сондай-ақ, Астана орманы Көкшетау орманымен жалғасады деген жоспар бар. Жазда саябақ, қыста қалаға пана болатын жасыл желек климаттың өзгеруіне де әсер етеді. Ал бүгінгі "Сафари" паркінде экотуризмді дамыту қаралған, яғни қала тұрғындары мен қонақтарға табиғат аясында тынығуға мүмкіндік берілмек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Егерде бүгін әр қаланың төңірегінде, ауылдың төңірегінде, тіпті салған жаңа үйдің төңірегінде ел ағаш отырғызса, халықтың байлығы болып саналады. Ағашы, орманы бар өңір - әр уақытта бай өңір. Мына орманның ішінде қазір бірінші отырғызған ағаштың биіктігі 15-20 метр. Ішінде неше түрлі аң, жойылып кеткен, қайтып пайда болды. Елік те бар, қоян да бар, түлкі де бар. Марал да бар, барлығы бар. Оған құс жіберіп жатырмыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ