Вашингтон араласпай тұра алмады. Ауғанстандағы саяси ымыраласуды сарапшылар
Орта Азия елдеріне қатысты мүддені көздеген АҚШ-тың кезекті жеңісі деп бағалап
отыр.
Саясаттанушы Косими Бекмухаммадтың айтуынша, «бұл татуласу Вашингтонның
атсалысуымен жасалды». Президенттікке үміткерлер Гани Ашраф пен Абдулла Абдулла
"дауыстар қайта саналды" деп жариялаған. Мұны олар АҚШ мемлекеттік
хатшысы Джон Керримен арадағы әңгімеден соң айтып отыр. Демек, Америка жаңа
билікпен қауіпсіздік туралы келісім жасасудан үмітті деген сөз.
Еске салайық, екінші айналым нәтижесі бойынша жеңіліс тапқан Абдулла Абдулла жағдайдың ушығып
кетуі мүмкін екенін ескерткен. Бұл ретте Джон Керридің дипломатиялық жеңісін
Еуропа тұрмақ, Ауғанстанның өзінде қуана қабылдап жатқандар аз емес.
Шер Ага Ахмади, Кабул университетінің студенті:
Екі үміткер арасындағы алауыздық елдің экономикасына кері әсер етуі мүмкін
еді. Джон Керридің араласуымен болған ымыраласуды қос қолдап қуаттаймыз.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА