Нұротандықтар
жастармен еркін форматта диалог құрды. Осылайша Тұңғыш Президент күні
қарсаңында Елбасы саясаты мен реформалары насихатталды. «Жас Отан» жастар
қанатының жастар сессиясына таңдап алған тақырыбы - "Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті және Ел тәуелсіздігі». Шараның мақсаты -
Елбасының ұстанған бағыт-бағдары мен жаңашылдықтарын жастарға жеткізу. Диалог
алаңына шыққан аға буын өкілдері өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Президенттің
қанатты сөздерін де еске алды.
Асхат
Оралов,
Еуразия ұлттық
университетінің 2 курс докторанты:
Біздің
жастарымыз өте бақытты деп ойлаймын. Өзім, міне, докторантурада оқып жатырмын.
Бұл біздің Елбасының саясатының арқасында деп ойлаймын. Соған сенемін. Бүкіл
жастар бірауыздан осы үлкен шараны ҚР Тұңғыш Президентінің мерекесін
қолдайды.
Нұрлан
Ерімбетов жастарды еріншектіктен аулақ болуға шақырды. Бір мамандықтан тапқан
жалақың төмен болса, басқа мамандықты игеріп, үнемі даму жолында болуға кеңес
берді.
Нұрлан
Ерімбетов,
«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Жақсы,
ашық әңгіме осы Елбасымыздың өмірі жөнінде, тәжірибесі жөнінде, бүгінгі күн
жөнінде. Қойып отырған біздің елдің алдына, қоғамның алдына бағыттар жөнінде,
еліміздің болашағы жөнінде жақсы ашық әңгіме болып жатыр.
Ал
сессияға төрағалық еткен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов елдегі
реформаларға кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, ол бірінші кезекте халықтың
мемлекетке деген сенімін арттыруға, азаматтық бастамаларды және қоғамдық
бақылауды кеңейтуге бағытталған. Жиында Елбасының білім беру саласына да зор
көңіл бөліп отырғаны айтылды.
Шахмардан
Байманов, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
Үлкен
мүмкіншіліктер берілуде, соған жастарымыз қол жеткізуде. Ол білім саласында
болсын, спорт, денсаулық. Сонымен ең бастысы осы жастар сессиясының, осындай
шаралардың басты ерекшеліктері - күнделікті жастарға айтып отыру, жастар соны
білу керек.