$533.61 €621.07 ₽6.78
×

4 желтоқсанда ІІІ Астана интернет форумы өтеді

AstanaTV
27.11.2015ж. 20:00
1538
4 желтоқсанда ІІІ Астана интернет форумы өтеді

4 желтоқсанда ІІІ Астана интернет форумы өтеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы қабырғасында өткен баспасөз брифингінде мәлім болды. Биылғы форум тақырыбы ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелеріне арналады.

Жиында ақпараттық қысым және дезинформация, әлеуметтік желілердегі діни-экстремистік идеология проблемалары талқыға түседі. Сонымен қатар, журналистика мәселелерін зерттеу институтының құрған Sanaq.kz электронды база жүйесі арқылы қазақ тілді сайттардың рейтингі нәтижесі жарияланып, түрлі номинациялар бойынша үздік сайттар марапатталады. Қазіргі таңда Қазақстанда 124 мың домен тіркелген.

Белла Орынбетова, журналистика мәселелерін зерттеу институтының қызметкері:

Заң бойынша әрбір сайт бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. Шын мәнінде 124 мың сайттың қандай бағытта қызмет атқаратыны, қандай мақсат ұстайтыны белгісіз. Сондықтан осы мақсатта сайттардың негізгі бағытын, қызметін, аудиториясын анықтау үшін, осы сайтты құрған болатынбыз. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ