$513 €541.16 ₽4.69
×

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің ластану дерегі анықталды

AstanaTV
01.07.2014ж. 10:00
7212
Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің ластану дерегі анықталды

Солтүстік Қазақстанда қар еру кезінде коммуналдық мекемелердің салғырттығынан Есіл өзені ластанған. Ағынды судың қалдығынан келген зиян 5 миллион теңгені құрап отыр. Бұл туралы табиғатты қорғау прокуратурасының тексерісінен кейін белгілі болды.

«Тазарту, су босату құрылғылары» мекемесі мен «Қызылжар су» серіктестігінің кесірінен өзен суындағы фосфат мөлшері 2,36 есеге, тұзды аммоний 5,9 және темір 1,07 есеге артқан. 9-маусымда жүргізілген зерттеу нәтижелері осыны көрсетті.

Экологтардың пайымынша, көлдердің бірінде бөгет жарылып, кәріз суы өзенге қосылып кеткен. Енді коммуналдық мекемелердегі 7 лауазымды қызметкер жазаланбақ. Оларға 300 мың теңгеден аса айыппұл салынды және 6,5 миллион теңге келтірілген залалды төлеуге міндеттелді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ