$513 €541.16 ₽4.69
×

Павлодарда «уақытша ұстаздар» пайда бола бастапты

AstanaTV
01.07.2014ж. 10:00
1168
Павлодарда «уақытша ұстаздар» пайда бола бастапты

Уақытша ұстаз. Павлодар ауданының бірқатар мектептерінде бір мұғалім бірнеше пәнді оқытып келген. Осылайша оқу орны жоқ мамандардың орнын толтырған. Қызығы сол, әмбебап ұстаздардың көбінде жалғыз мамандық бойынша дипломы болған. Осындай олқылықты өңір мектептерін тексерген аудандық прокуратура әшкереледі.

Құзырлы орган ауданның 12 білім ордасын назарға алған. Прокурорлар әрбірінен білім заңына томпақ келетін жайттарды анықтады. Нәтижесінде 11 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылып, 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Павлодар ауданының екі балабақшасының меңгерушісі өз қызметін атқаруға кәсіби біліктілігі сәйкес келмейген. Десе де, олар біраз уақыт мектепке дейінгі мекемені басқарып келген. Ал, кейбір мектептерде бір мұғалім бірден бірнеше пәнді оқытып, әмбебап ұстазға айналған.

Айгүл
Мажитова, Павлодар ауданы прокурорының көмекшісі:

Тексеру барысында бірқатар олқылықтың бетін аштық. Мысалы, химия пәнінің мұғалімі биологиядан дәріс оқыған. Ал, психолог болып қарапайым методист істеген. Бұл заңға қайшы әрекеттер және мұғалімдерді алмастыруға болмайды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ