Білім саласындағы жемқорлары көп
өңірлердің аты аталды. Мұндай қылмыс бойынша
ОҚО алда келеді. Бұл туралы Ақ ордада жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
республикалық комиссияның отырысында Қаржы полициясы агенттігі төрағасының
бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.
Оның айтуынша, бірінші орында Оңтүстік
болса, одан кейін Ақмола облысы мен Астана тұр. Осы
өңірлердің білім саласында жемқорлық жиі тіркеледі. Жалпы, 2013
жылы қаржы полициясы салада 221 қылмыстың бетін ашқан. Биыл бірінші тоқсанның
өзінде 121 дерек анықталды.
Илхам ИБРАГИМ