$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ресей мен Украина мәселесі: Еуроодақтың жағдайды тұрақтандыру үшін берген соңғы күні

AstanaTV
01.07.2014ж. 10:00
1887
Ресей мен Украина мәселесі: Еуроодақтың жағдайды тұрақтандыру үшін берген соңғы күні

Шығыс Украинадағы шиеленісті тоқтатуға Ресейге Еуропалық одақ тарапынан берілген мерзім бүгін аяқталады. Ұрыс-керіс тыйылмаса, Брюссель тағы санкциялар енгізетінін ескерткен.

Алайда, Владимир Путиннің Австрияда жасасқан келісімі ахуалдың өзгергенін меңзейтін секілді. Вена экономиканы саясаттан биік қояды. Австрия президенті Хайнц Фишер «санкциялар ешкімге тиімді емес» деген болатын. Еуропалық одақтың Ресейге шектеулер қоюға асықпай отырғаны сондықтан да шығар. Санкциялар үдей түссе, Ресей газына мұқтаж Еуропа елдері бірінші кезекте зардап шегеді. Егер Ресей мен Қытайдың ұзақ мерзімді келісім-шартын ескерсек, қазір Мәскеумен «тіл табысуға» Еуропаның өзі мүдделі, - дейді сарапшылар.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ