Қазақстан аймақтарында шілденің
басында шіліңгір ыстық болмайды. Ауа
температурасы бірден +5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бүгін еліміздің
басым бөлігінде термометр көрсеткіші түсіп, жел соғады. Кей жерлерде қатты
бұршақ жаууы ықтимал.
«ҚазГидромет»-тің хабарлауынша, 1-2
шілде күндері Ақмола облысында, 2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында, 2-3
шілде күндері Павлодар облысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 8-13,
жекелеген жерлерде +5 градусқа дейін төмендеп кетеді. Ал күндіз +12 градусқа
дейін төмендейді. Дәл осындай жағдай Қостанай, Қарағанды облыстарында да
болады. Мұнда да ауа температурасы түнде күрт төмендеп, +5 градус шамасында
сақталады.
Илхам ИБРАГИМ