$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ресейде балағат сөзге тыйым салатын заң қабылданды

AstanaTV
01.07.2014ж. 13:00
1463
Ресейде балағат сөзге тыйым салатын заң қабылданды

Ресейде нормативсіз лексикаға тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бірақ, заң әзірге тек өнер туындыларына қатысты. Мұндай идеяның бастамашылары - депутаттар мен мәдениет жөніндегі мемлекеттік дума комитетінің басшысы Станислав Говорухин.

Енді әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындағанда дөрекі, анайы сөздерді қолдануға болмайды. Ал, құрамында айтуға ыңғайсыз сөздері бар заттардың бәрі де арнайы қорапшаларда лайықты жапсырмалармен сатылатын болады. Мұндай ереже кинотетрлардағы жаңа кинолардың жарнамасына да қатысты.

Халық қалаулылары заңға бағынбағандарды рубльмен жазалауды жөн көріпті. Айыппұл көлемі 2 мыңнан 100 мың рубльге дейін жетеді. Бірақ, депутаттар нақты тыйым салынатынын әдепсіз сөздердің тізімін әлі жасамаған. Мұнымен тәуелсіз сарапшылар айналысады.