Ұрланған үш израильдік жеткіншектің
мәйіттері табылды. Мүрделер Халхулом қаласы мен Хеврон процинциясы аралығындағы
сайын далаға көміліп тасталған, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.
Ресми Тель-Авив бұл іске ХАМАС
жасағының екі мүшесінің қатысы бар деп мәлімдеді. Израиль премьер-министрі
Биньямин Нетаньяху елдің қарулы күштерімен өткізген жиынында қылмыскерлерді
«адам бейнесіндегі аңға теңеді». Және ХАМАС-тың жауап беретінін айтты.
Еске салайық, еврей діни мектебінің үш
тәрбиеленушісі маусымның 12-де жоғалып кетті. Жасөспірімдер демалыста үйлеріне
жету үшін, жолшыбай көлік тоқтатып, жолға шығады. Балалар жоғалды дегенде,
Израиль әскері ауқымды іздеу орперациясын жүргізеді. Іздеу барысында израильдік
әскерилер төрт палестиналықты өлтірген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ