$526.81 €542.72 ₽5.16
×

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри: Ирактағы соғыс қателік болды

AstanaTV
01.07.2014ж. 20:00
1241
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри: Ирактағы соғыс қателік болды

"Ирактағы соғыс қателік болды". Қытай журналистеріне берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мұны мойындады. Тіпті, сол соғыстың зардаптары әлі де сезіліп жатқанын жасырмады. Қазір Ирактың тең жартысы «Ирак және Левант ислам мемлекеті» тобындағы содырлардың бақылауында. Жақында қарулы топтар Ислам халифатын құрғанын жариялады.

Ал билік бұған жол бермеу үшін барын салып жатыр. Олар Ресейден көмекке жіберілген әскери ұшақтарды қабылдады. Иран да қолдау көрсетуге әзір. Құрама штаттар болса, 300 сарбазын Иракқа жіберіп те қойды. Бірақ, содырлар тартынатын емес. Ислам халифаты құрылды деп тойлауда. Ирактағы басты мұнай кәсіпорындары солардың құзырында. Жағдайдың ушығып бара жатқанын бүкіл әлем бақылап отыр.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:


Менің ойымша, Ирактағы соғыс үлкен қателік болды. Қазір жағдайды өзгерту үшін президент Барак Обама бастап бар күшімізді салып жатырмыз. Көп нәрсе Ирак халқының өзіне де байланысты. Олар мемлекеттерінің қандай болу керектігін өздері шешуі тиіс.

Айгүл АДЕПБАЙ