Ақтөбеде күшті дауылдан ғимараттың
шатыры құлап, бірнеше автокөлікті жапырып қалды. Абырой болғанда адамдар дін
аман.
Тосын оқиға кеше көп қабатты үйлердің
бірінің ауласында орын алған. Шаңқай түсте соққан қатты жел кәріз суларын
сорғылау станциясының шатырын жұлып кетті.
Айта кетейік, бұл ғимаратқа жақында
ғана жөндеу жүмыстары жүргізілген. Жабынды
толықтай жаңартылған болатын. Көліктерінің әйнектері сынған, темірлері майысып
қалған тұрғындар енді коммуналдық мекемені сотқа бермек.
Шынар Қосжанова:
Мына шатырды кеше ғана жөндеді. Жел
соққанда құлап қалды. Бұған енді кім жауапты? Біздің көлігімізді кім жөндеп
береді? Жолдасым да үйде жоқ. Кезекпен қарап жүрміз, ешкім қозғамасын деп, шатырды алып кетпесін деп. Жауапты тұлғалар көз жеткізсін.
Мансұр ЕСҚОЖИН