$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Елбасы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басшысы Асқар Маминді қабылдады

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1470
Елбасы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басшысы Асқар Маминді қабылдады

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көліктік-инфрақұрылымдық жобалар құрылысы ойдағыдай жүріп жатыр. Бүгін Президент қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» басшысы Асқар Мамин осылай деп есеп берді. Бұл жөнінде Ақорданың  баспасөз қызметі хабарлады.  

Асқар Мамин 2015 жылы Боржақты-Ерсай жаңа темір жол желісі іске қосылғанын баяндады. Құрық порты паром кешені құрылысының бірінші кезеңі биыл аяқталатынын жеткізді. Жүк өткізу әлеуеті зор кешен арқылы астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар тасымалданады.

Мемлекет басшысы, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін, көлік-логистика кешенін дамыту қажеттігіне айрықша тоқталды. Экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу мен ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Президент  бірқатар нақты тапсырма берді.  

Базаргүл ОТЫНШИЕВА