$510.06 €566.32 ₽6.32
×

АҚШ-нда дүлей дауыл салдарынан тұтас бір арал тұрғындары эвакуацияланды

AstanaTV
03.07.2014ж. 13:00
1182
АҚШ-нда дүлей дауыл салдарынан тұтас бір арал тұрғындары эвакуацияланды

АҚШ-на тропикалық дауыл жақындап келеді. «Артур» аталатын алапат жел бүгінде қарқын алған. Құрлықтың нақты қай аумағы айрықша зардап шегетіні жайлы әзірге болжам айту қиын.

Дегенмен, ғалымдар Хаттерас аралының дауыл астында қалатынын айтады. Ұйытқыған жел ел аумағына 4-шілдеде Тәуелсіздік күні қарсаңында жетеді деп күтілуде. Аралда төтенше жағдай жарияланды. «Артур» жойқын дауылға ұласады деген үрей басым. Бүгінде 4 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Аймақта желдің екпіні күшейіп, теңізде толқын көтерілді. Құрлыққа апаратын шоссе су астында қалуы ықтимал.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА