Ал Аргентинада топан су салдарынан
халықты қауіпсіз жерге қоныстандыру ісі жалғасуда. Бүгінде елдің солтүстігі
түгелдей су астына кеткен. Апатты жағдайға толассыз жауған жаңбыр себеп болуда.
Ел билігі 13 мыңға жуық адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Сақтық шараларына қарамастан, екі адамды су шайып кеткен.
Қазіргі таңда Мисионес, Корриентес
және Формоса провинцияларында төтенше жағдай жарияланды. Аталған елді мекендерде өзендер арнасынан асқан. Ал
Уругвай өзенінің деңгейі үш метрден асты. Су астында кем дегенде он шақты
елді мекен мен көлік жолдары қалған. Елге келген экономикалық
шығын мөлшері тек бір провинцияда 62 миллион доллар көлемінде деп есептеліп
отыр.
Жұрағат БАМАН