$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Германия дефицитсіз бюджет қабылдады

AstanaTV
03.07.2014ж. 20:00
1535
Германия дефицитсіз бюджет қабылдады

Германия артық шығындалмайды. Ел үкіметі 2015 жылға арналған дефицитсіз бюджетті мақұлдады. Оның жобасымен қаржы министрі Вольфганг Шойбле таныстырды. Жалпы Германияның шығыны мен кірісінің тепе-теңдігін соңғы рет 1969 жылы жасау мүмкін болған көрінеді. Ендігі ретте еуропалық экономикалық алаңдағы мемлекеттің шығыны 0,1 пайыз көлемінде жоспарланып отыр.

Оның өсімі жылына 3 пайыздық көрсеткішке жетеді деп болжануда. Автордың жоспары бойынша, 2018 жылға қарай елдің шығыны мен кірісі 329 миллиард еуроға дейін өспек. Алайда жобаға қарсы келгендер де табылды. Германияның "солшылдар" және "жасылдар" партиялары дефицитсіз бюджет жобасы елдің инвестициялық тартымдылығын нашарлатып, ұсынылған жоба экономиканың құлдырауына әкеп соғатынын алға тартуда. 

Жұрағат БАМАН