Ал бұл өңірде қаупсіздікті әсіресе
егістік алқаптарда күшейткен жөн. Бүгін ОҚО-да
астық жинау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып, Сарыағаш, Қазығұрт,
Мақтарал және Шардара аудандарының алқаптарына орақ түсті. Күннің күрт ыстық
болуына байланысты биыл дәнді дақылдар ерте пісіп жетілген.
Дегенмен, биыл өнім көлемі жылдағыдан
аз болады деп күтілуде. Түсім гектарынан 12
центрден аспайды. Былтыр 20 центрге жеткен болатын. Оған да себеп - ауа райының
қолайсыздығы. Бұл туралы өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Айта
өтейік, аймақта жиналуы тиіс дәнді дақыл алқаптары - 196 мың
гектар.
Илхам ИБРАГИМ