$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Қытай АҚШ-рын елдің ішкі шаруасына араласпауын сұрады

AstanaTV
03.07.2014ж. 13:00
1202
Қытай АҚШ-рын елдің ішкі шаруасына араласпауын сұрады

Қытай Америка Құрама штаттарын өзге елдердің ішкі түйткіліне араласпауға үндеді. Мәселе Гонконгқа қатысты. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, орын алып жатқан жағдай елдің ішкі шаруасы екенін және ешбір мемлекетке араласуға жол бермейтіндерін мәлімдеді. Бұл АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің мәлімдемесіне берілген жауап десе де болады. Мэри Харф Америка - демократиялық құқықтың кеңірек қанат жаюын талап еткен Гонконг халқын қолдайды деген еді.

Еске сала кетсек, бірер күн бұрын Гонконгта қарсылық акциясы ұйымдастырылып, шеруге мыңдаған адам шыққан болатын. Олар Қытай билігінен 2017 жылы өтетін мэр сайлауына қатысуға құқық берулерін талап етті.

Айта кетейік, қазір Гонконг басшысын құрамында 1200 адамы бар арнайы комитет таңдайды. Алайда Қытай алдағы сайлауда тұрғындарға қала басшысын таңдау мүмкіндігін беруге уәде етті.

Хун Лэй, ҚХР СІМ баспасөз хатшысы:

Гонконгтағы саяси жүйенің дамуы - Қытайдың ішкі шаруасы. Билік өзге елдерге өз ісіне араласуға жол бермейді. Гонконгтың ішкі шаруасына қатысты түрлі мәлімдемелерді жасауды доғару керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ