Қырғызстанда Қытай жұмыскерлері бүлік
шығарды. Тоқмоқ мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейтін қытайлықтар зауыттың жұмысын
тоқтатып тастап, қарулы қақтығыс жасауға әрекеттенген.
Кейіннен белгілі болғандай, қарсылық
шарасын ұйымдастыруға зауыттағы еңбекақы мәселесі себеп болыпты. Қақтығыс күшейіп кетпесі үшін жергілікті полицейлер аспанға
оқ атып, ереуілшілерді тоқтатты. Бүлікшілердің 39-ы ұсталып, уақытша қамауға
алынған. Артынша олардың 25-нің визалық тәртіпті бұғаны анықталды. Жергілікті
сот бүлікшілерді Қырғызстан аумағынан шығарып жіберу туралы үкім кесті.