$513 €541.16 ₽4.69
×

Тәжіяқовтың адвокаттары 7 шілдеде сот алдында сөз алатын болды

AstanaTV
04.07.2014ж. 10:00
1165
Тәжіяқовтың адвокаттары 7 шілдеде сот алдында сөз алатын болды

Бостондағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжіяқовтың адвокаттары 7 шілдеде сот алдында сөз алатын болды. Осылайша қорғаушылар қазақстандық жігіттің марафон кезіндегі жарылысқа қатысы жоғын дәлелдеуге тағы бір рет тырысып көрмек. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

Белгілі болғандай, сот Массачусетс штатында өтеді. Бұған дейін Тәжіяқовтың тағдырын шешетін алқа билері іріктеліп алынды. Сотталушының қорғаушылары алқа билерінің әр қайсысымен жеке әңгімелесіп, олардың Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар отбасына қатысы бар-жоғын анықтаған. Сондай-ақ, мұсылмандарға деген көзқарысын білуге ұмтылған. Өйткені бұл - үкімнің әділ болуына аса қажет дейді.

Айта өтейік, өткен аптада Тажіяқовқа сот кінәні мойындауды ұсынды, есесіне жаза да жеңілдетіледі деген болатын. Бірақ Азамат Тәжіяқовтың қорғаушылары бұл ұсынысты қабылдамай тастады.

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын Бостонда болған лаңкестік оқиғадан кейін екі қазақстандық студент тұтқындалды. Оларға күдікті Царнаевқа ықпалдасу дерегі бойынша айып тағылып отыр.

Илхам ИБРАГИМ