$526.5 €611.64 ₽6.72
×

20 мың теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
1783
20 мың теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты

Тұңғыш Президент күніне орай 20 мың теңгелік банкнота айналымға шықты. Бүгіннен бастап жаңа купюра заңды төлем құралы болып табылады. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді.

Банкнотаның дизайны айналымдағы ақша белгілеріне ұқсас. Көкшіл-сұр түсті ақшаның беткі жағында «Қазақ елі» және Мәңгілік ел монументтері бейнеленген. 20 мың теңгелік банкнотаның көлемі - 155х79 миллиметр. Жаңа номиналдың элементтері соңғы инновациялық жүйемен қорғалған. Яғни жалған ақша жасаушылардың әрекетіне тосқауыл қойылған. Көзі нашар көретін жандардың да ақша белгісін ажыратуына мүмкіндігі бар. Яғни банкнотаның оң жағындағы бедерлі үш бұрышты саусақ ұшымен тануға болады. Купюраны дайындауға төрт жарым айдай уақыт кеткен.

Меңдібай Әлі, ҚР Ұлттық банктің бас дизайнері:

Самұрық серия деген ең жоғары сапасымен істелу керек. Солай дайындалғанбыз. Енді міне, Құдайға шүкір, мерекенің алдында Ұлттық банк айналымға түсіріп жатыр. Басқа банкноталардан айырмашылығы - бұл таза қағаз емес, бұның ішінде пластик, екі жағынан қағаз 35 граммнан. Ең соңғы технологиямен дайындалған. 

Самат ҚАНАҒАТОВ