$525.87 €614.37 ₽6.72
×

«Астана» телеарнасының төл туындысы «Әулет» телехикаясы көрерменге жол тартты

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
2454
«Астана» телеарнасының төл туындысы  «Әулет» телехикаясы көрерменге жол тартты

«Астана» телеарнасында кезекті тұсаукесер. Арнаның төл туындысы «Әулет» телехикаясы көрермен назарына ұсынылды. Сериал Қаршыға ақсақалдың шаңырағындағы оқиғаны көрсете отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады.

Қарияның бір қыз, екі ұлы бар. Үлкен ұл әкесіне көмектесіп, жүріс-тұрысымен елге үлгі болса, кішісі қалаға кетіп, әулеттің атына талай рет дақ түсіреді. Қалада бизнесі тығырыққа тірелген соң ауылға оралғанымен, әйелі мінез көрсетіп, дау туады. Дегенмен бұл жағдай Қаршыға мен оның әйелі Жамалдың  басты құпиясының жанында түк емес. Ол ашылған кезде әулеттің шырқы бұзылады.

Шытырман оқиғаға толы «Әулет» телесериалы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 19.00-де көрсетіледі. Отандық телехикаяға қолдау білдіріңіз! 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА