$513 €541.16 ₽4.69
×

Астанада 19 ғасырда салынған ондаған ғимарат бар

AstanaTV
04.07.2014ж. 20:00
2024
Астанада 19 ғасырда салынған ондаған ғимарат бар

Астана бос жерде пайда болған жоқ. Көне ғұн кезеңі мен Бозоқ қаласы сияқты мың жыл бұрынғы қалашықты айтпағанда, революцияға дейінгі Ақмола ілім-білім ошақтары бар, саудасы қызған, банктер мен кәсіпорындар жұмыс істеген уездік қала болған. Қазір Астанада 19 ғасырда салынған ондаған ғимарат бар.

Мемлекет қорғауында. Осы уақытта да тіршілік үзілмеген үйлердің бірінде елшілік, енді бірінде - ірі дүкен, тағы бірінде - мұражай. Орыс көпестері Кубрин, Моисеев, ағайынды Халфиндерден бөлек кешегі Қараөткел керуен жолында қазақ көпесі Қосшығұловтың кондитер фабрикасы, Керуен сарайы және базары болған көрінеді. Өкінішке орай, олар бүгінгі күнге жетпеген. 

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Керуендер Қараөткелдің басында емес, керуен сарайына келіп тоқтайтын болған. Бері қарай қаланың ортасына, бекініске қарай келіп. Сол жерде 50 шақты лавка болды, оның көпшілігі Қосшығұловтардыкі болды. Соларды қайтадан қалпына келтіріп, сине темпоренің орнына Керуен сарай деп, Қосшығұловтардың ескі жазбаларын қайтадан қойса, әдемі тарихи ескерткіш болып кетер еді ғой.

Ертең «20:30. Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан «Көне үйлердің «күміс тарихы» арнайы репортажын тамашалаңыздар.  


Азамат АЛДОҢҒАРОВ