Шымкенттегі қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетуді бастады. Бүгін 69-бағыттағы автобусқа мінгендер жолақы орнына Дін-Ислам тақырыбындағы сауалдарына жауап
алды.
Сұлушаш Байтікова:
Құрметті жолаушылар бүгін осы 69-маршрут Қасиетті Рамазан айының құрметіне жолақысы тегін болып
жатыр. Орталық мешіттің ұйымдастыруымен
маршрут тегін жүреді.
Кондуктордың орнын дін өкілі алмастырған. Ол жолақы сұрамайды. Есесіне асыл
дініміз Исламның шарттарын жолаушыларға түсіндіріп беруді
міндетіне алған. Жолаушылардың басым бөлігі отыз күн Оразаның талаптары мен сауабы
жайында сұрап білуде. Тосын сыйға таңырқаушылар да, қуана құптаушылар да табылып
жаты.
Рамазан айында бүгін мінекей құптар қылып, барлығын жақсылап халыққа жақсылық істеп жолкірені
тегін қылып жатыр. Өте рахмет. Мысалыға 50 теңге деген ақша да өзі жүріп -тұрсаң күнделікті қанша ақша кетеді мысалы. Рахмет.
Айта кетейік, қала ішінде жүретін қоғамдық көліктер бүгін жетінші тәулік ақысыз қызмет көрсетуге кіріскен.
Бірнеше бағыттағы автобустар әр күні кезекпен
жолаушыларды тегін тасып тұрғындардың қуанышына бөленіп жүр. Қайырымдылық шарасы кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асырылып жатыр. Қызмет шығынын технопарк қожайындары мен дін өкілдері өз мойындарына алған. Бүгінгі кезек 69-бағыттағы автобуста. "Ал кеше үш бірдей бағыттың белгіленген көліктері адамдарды
тегін тасыды",- дейді облыс имамының орынбасары.
Талғат Дәрібаев, Оңтүстік Қазақстан облысы бас
имамының орынбасары:
Қазіргі таңда Сайрам ауданы,
Арыс ауданы секілді аудандар, басқа да аудандар
азаматтарды Шымкентке дейінгі немесе өз араларында тегін
тасу қолға алынуда. Және де алдағы уақытта біз Қадыр түні және Ораза айт күндері осындай тегін жүретін автобустарды, Құдай қаласа, көбейтсек деген
жоспарымыз бар. Бұл біздің негізгі мақсатымыз - имандылықты насихаттау.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ