Жамбыл облысы Мерке ауданының халқы төрт айдан бері ауыз суға жарымай отыр. Ашынған халық шіліңгір шілдеде тіршілік нәрінен тарықтырды деп жауапты тұлғаларды кінәлайды.
Баланың бетін жуатын су жоқ. Анау Екпіндіден су тасимыз. Не өмір?
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, «Таза су» мекемесінің жұмысын жандандыру үшін жергілікті бюджеттен 3 жылға 150 млн теңге бөлінген. Бірақ бірде-бір құбыр жөнделмепті. Мекеме басшысының мемлекет қаржысын талан-таражға салғанын шенеуніктер растап отыр. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қайрат Арғынбаев, Меркі ауданы әкімдігі ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Істелмеген жұмысқа ақша жұмсаған ғой. Орысша прорыв деп, бәленше жерде құбыр тесілген, осындай жұмыстар атқарылды деп. Прокуратура тексерген кезде оның бәрі дәлелденген жоқ. Өтірік боп шықты.
«Таза су» мекемесі мен жергілікті биліктің жанжалдасып жатқанына жарты жыл.
Ал ауыз судың азабын тұрғындар тартып отыр. Аудан орталығына көршілес жатқан
бес бірдей ауылда да су жоқ. «Таза су» мекемесінің басшылығы болса, атқамінерлер
халықты маған қарсы қойып отыр дейді. Айтуынша, ауыз суға бөлінген ақша орнымен
жұмсалған. Бөлінген қаржы мекеменің коммуналдық қарызын жабуға кеткен.
Мәлік Әділқұлов, «Таза су» МКМ басшысы:
Бір екі адам бар Меркеде. Сол келген әкімдердің үстіне олар мініп алады. На этого сели. Теперь я от того акима
остался же. Олар енді маған жабылып жатыр.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ