$494.95 €525.49 ₽5.05
×

Жастар саясаты туралы заң жобасы талқыланды

AstanaTV
14.07.2014ж. 20:00
1892
Жастар саясаты туралы заң жобасы талқыланды

"Қазақстанда жастардың саяси белсенділігі төмен". Халықаралық сарапшылардың пікірі осылай. Мұнымен Парламент өкілдері де келіседі.

Мемлекеттік жастар саясатына шолу жасаған жиынға осы тақырып арқау болды. Сарапшылар жастардың саясатқа араласып, билік орындарында жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек дейді. Осы мақсатқа қыруар қаржы да бөлінген. Өткен жылы республика бюджетінен 1,5 миллиард, ал жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге қаралды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда, екі есеге көп. Бірақ нәтиже көрінбейді. Осыған қарап "Мемлекеттік жастар саясаты " туралы заң қабылдау қажеттігін аңғару қиын емес. Былтыр үкімет 2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасын мақұлдаған. Ал саладағы өзекті мәселе мұнымен бітпейді. 

Алекс Фэрроу, ЮНИСЕФ ұйымы жастар саясаты жөніндегі халықаралық сарапшысы:

Қазақстанда білім, әлеуметтік-мәдени даму көрсеткіші жаман емес. Бірақ БҰҰ зерттеуінше, жастардың саяси белсенділігі төмен. Билік құрылымында олар аз. Ықпалды органдарда жастарды көптеп көргіміз келеді. Жастар үні ұлттық саясаттың негізіне айналса, құба құп.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Үкімет жастар саясатына онша көп мән бермей отыр. Терең ойланбай отыр. Ұйымдастыруды бір ғана министрлікке беріп қоямыз. Ол өзінің шеңберіндегі жастармен ғана айналысады. Ауыл жастары, жұмыс істеп жүрген жастар қалып қояды. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ