Алматыда аты шулы "Қорғас
ісі" қайта қарала басталды. Алды 17 жылға дейін жаза арқалаған ұйымдасқан
қылмыстық топ мүшелері сотқа апелляциялық шағым түсірген. Бүгін СИ-18
уақытша оқшаулау изоляторындағы арнайы сот залында күдіктілер мен олардың
туыстарынан түскен шағымдар қайта сүзгіден өтті. Екінші инстанциядағы сот
отырысына айыпталушылардың ешқайсысы әкелінген жоқ. Судья Айдын Нұрбеков тек
сотталушылардың туыстары мен адвокаттарының қатысуымен істі қайта қарай
бастады.
Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды сыбайласқан
жемқорлыққа қарсы іс бойынша үкім 12 сәуірде шықты. Экономикалық контрабанда
және ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегі бойынша айыпталған 45 күдіктінің
«серкелері» ауыр жаза арқалады. Ал мемлекет қаражатын кертіп жеп, ел қазынасын
құлқынына құйғандардың ішінде қылмысты басты ұйымдастырушы Талғат Жақаев пен
Ерлан Әбдірахманов 17 жыл өмірін қатаң режимдегі колонияда өткізеді.
Одан тыс
жоғары лауазымды тұлғалар Бақытбек Құрманғалиев пен Талғат Қайырбаев 16 жылға
сотталды. Осы іс бойынша есімі ерекше аталған, әрі шексіз байлықтың «иесі» деп
танылған Алматы облыстық Кедендік бақылау департаментінің бұрынғы бастығы
Құрманбек Артықбаев 13 жыл арқалады. Апелляциялық шағымды қарау процесі
бейсенбі күні жалғасады.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ