$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі 13 шілдеде өтеді

AstanaTV
08.07.2014ж. 20:00
1371
Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі 13 шілдеде өтеді

Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбі, шілденің 13-де өтеді. Бұл туралы Грузия үкіметінің әкімшілігі хабарлады. Экс-президенттің мүрдесі қоштасу рәсімі үшін Тбилисидің орталығындағы кафедралдық соборға қойылады. Әзірге оның қайда жерленетіні белгісіз. Эдуард Шеварднадзе кеше 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Белгілі саясаткер 1928 жылы туған. Кеңес одағы тұсында Грузия ССР-нің қоғамдық қауіпсіздік министрі, ішкі істер министрі, сыртқы істер министрі сынды өзге де лауазымды қызметтерді атқарған. 1985-1990 жылдар аралығында Кеңес одағының сыртқы істер министрі болды. Ал 1995 жылы Грузия президенті болып сайланды. Алайда Шеварднадзе билігі ауыр сынаққа толы болғаны белгілі. Елдегі экономикалық проблемалар, Абхазиядағы соғыс және мафиялық топтардың үстемдігімен күреседі. Сөйтіп 2003 жылы «раушан гүл көтерілісінен» кейін өз еркімен отставкаға кетуге мәжбүр болады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ