"Нұр Отан" бұқаралық
үстел теннисі маусымын ашты. Астана күніне орай «Алау» мұз айдынында спорттың
осы түрінен алғаш рет марафон өткізілді. «Astana Cup 2014» жарысында екі мыңдай әуесқой мен кәсіби
спортшы сайысқа түссе, тағы 500 адам өз
кезегін асыға күтті. Спорттық дода тоғыз сағатқа дейін созылды. Осылайша «Абсолют»
аталымында қарсыластарына дес бермеген Олег Жолудев жеңіске жетті.
Айта өтейік,
бұл номинацияға 500-ден астам сайыскер
үміттенді. Жүлде қоры 1 миллион теңге.
Бұл сома алты аталым бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлық түрінде үйлестірілді.
Осы жолы депутаттар мен шенділер де өзара мықтыны анықтады. "Осындай спорттық
іс-шаралар енді жиі өткізіледі", - деп сендірді "Нұр Отан" партиясы
төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан»
партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
"Нұр Отан" партиясы
осындай үлкен, қалың бұқараға арналған іс-шараларды жасап отыр. Кезінде жастар
үшін осындай мүмкіндіктер болмаған. Ал
енді бүгін Елбасының сасясаты арқасында тек қана Астананың өзінде 600-ден асам
әртүрлі нысандар бар. Болашақта біз "Нұр Отан" партиясының тарапынан
дені сау мемлекет үшін, халық үшін жұмыс істейтін боламыз.
Ләйлә
ҚАЗИЯҚПАРОВА