Петропавлдық
шебер аты аңызға айналған «Варяг» крейсерінің үлгісін жасап шығарды. Айбар
Оспанов өзінің бұл туындысына 5 ай уақытын жұмсапты. Әйгілі кемені ол
орыс-жапон соғысының 100 жылдығына арнаған.
Шебердің коллекциясында бас аяғы 25 туынды бар. Олардың дені - әскери
техника. Өнерде өрісі байтақ азаматтың шеберлігіне аймақтағы тілшіміз тәнті
болып қайтты.
Пять
месяцев назад я начал эту модель и, наконец, ее построил.
«Варяг»
крейсерін салу - Айбар Оспановтың бала кезінен келе жатқан арманы. Аты әлемге
жайылған кемені ол кітаптардан көріпті. Артынша дәл сондай кемені қолдан
жасауды мақсат еткен. Алайда өмірлік арманы тек ондаған жылдардан соң ғана
іске асты.
Айбар
Оспанов, шебер:
Крейсердің
үлгісі жақсы шықты деп ойлаймын. Виртуалды конкурсқа қатысып, жеңдім. Еңбегімді
бағалап, сыйлық берді. Бұл үлгімді арнайы орыс-жапон соғысының 100 жылдығына
арнадым. Балалық арманым орындалды деп айтуға болады.
Айбар
Оспанов кеменің әрбір бөлшегін өз қолымен жасапты. Шебер крейсердің үлгісін
жасау үшін ақ қағаздың 20 бетін жұмсаған. Айтуынша, бір туындыға шамамен 1 ай уақыт кетеді. Айбар
Оспанов кітапханада қызмет етеді. Ол кітапханаға келетін оқушыларға туындыларын
қолдана отырып, сұм-соғыс жайлы
әңгімелеп береді.
Шебердің
өнерін жақындары да қолдап отыр. Тіпті екі баласы да осы өнерге ден
қойған.
Асылхан
Оспанов, Айбар Оспановтың ұлы:
Мен
әлгі танктерді білмеймін жасауға. Осындай солдатиктер бар кішкентай, иә? Оларды
мен білемін жасауға. Енді жай подобрать етесін, дұрыс болса, клеить етесін. Маған
ұнайтын танк - бұл королевский тигр, панцер ягер и панцер 4.
Он
саусағынан өнер тамған шебер әскери техниканы жасаумен 4 жыл айналысып келеді.
Таяуда Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай диорама өткізуді көздеп отыр. Ал әзірше
жаңа үлгілерді жасауға кірісіп, коллекциясының аясын одан әрі кеңейтпек.
Абзал
ҚҰРМАНКИН