«Гүлнәр тур» туристік агенттігінің әрекетінен Түркияда
кідірген қазақстандық туристер елге 11 шілдеге дейін толық қайтарылады. Бұл
туралы Туризм комитеті басшылығы хабарлады. Бүгінде 1000-ға жуық жолаушы елге
аман жеткізілді. Әлі 500-ге жуық туристі алып келу керек.
Ал
«Гүлнәр тур» агенттігі қазан айына дейінгі мерзімге мыңдаған адамға жолдама
сатып үлгерген. Олардың қаржысын кім және қашан қайтарады деген мәселенің басы
ашық. Лицензияны қайтарып алу немесе тоқтату мәселесі де соттың құзырындағы
шаруа. Ал «Гүлнәр тур» әліптің артын бағып отырғанға ұқсайды, өзін әлі ресми
түрде банкрот деп жариялаған жоқ. Құзырлы органдардың туроператордан жауап
күтіп отырғанына 10 шақты күн болды. Алдағы аптада жауап болмаса, іске Бас
прокуратура кіріспек.
Марат Иғалиев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Туризм комитетінің төрағасы:
Біздер Бас прокуратураның рұқсатын күтіп отырмыз. Оларда
лицензия бар ғой. Біздер тексеруіміз керек. Сосын оның тексерісін барлығын
сотқа береміз. Сот деген шешім қабылдайды. Алты айға тоқтатады. Сол шешімі
бойынша лицензияны, біз лицензия бойынша тексеріс өткізуіміз керек міндетті
түрде.
Айта кетерлігі, жолаушылардың жол пұлына бюджет қаржысынан
әлі бір тиын да шығын шықпаған. Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, ұлттық
тасымалдаушы "Эйр Астана" 50 пайыздық жеңілдікпен, қалған әуе
компаниялары Түркиядан шыға алмай қалған жолаушыларды тегін қайтарып жатыр. Ал
«Гүлнәр турдың» туристер алдында ғана емес, әуе компаниялары алдында да қордаланған
борышы бары белгілі болды.
Бекен Сейдахметов, ҚР КЖКМ Азаматтық авиация комитетінің
төрағасы:
Әуе компанияларда аэропорттардан мәлімет жинадық. Біздің
әуе предприятияларға және шетелдік әуе предприятияларға 700 млн артық
қарызы бары дәлелденіп отыр. Онымен басқа органдар айналысар.
Жауапты
мемлекеттік мекемелер «Гүлнәр турдың» әрекетінен зардап шеккен азаматтарға ішкі
істер органдарына әлі де келіп, шағым түсіруге болады деп отыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ
{