$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Кәсіпкерлердің қайырымдылыққа жұмсаған қаржысы көлеңкеде қалып жатыр

AstanaTV
09.07.2014ж. 20:00
1298
Кәсіпкерлердің қайырымдылыққа жұмсаған қаржысы көлеңкеде қалып жатыр

Кәсіпкерлердің қайырымдылыққа жұмсаған қаржысы көлеңкеде қалып жатыр. Және ол қаражаттың қайырымдылыққа берілгенін бизнес өкілдеріне мемлекет алдында дәлелдеу қиын. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы комитетінің төрағасы Талғат Доскенов корпоративтік әлеуметтік жауапкершік туралы ұлттық тұжырымдама жобасы талқыланған жиында мәлімдеді.

"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру керек", - деді бір ауыздан жиналғандар. Алайда бизнес өкілдерін қол астындағы жұмыскерлерге, кембағал жандарға көмек бер деп ешкімнің мәжбүрлей алмасы анық. Кәсіпкерлердің ар-намысына үміт артудан басқа тетіктер жоқ. Сондықтан жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Бүгінде 3 пайыздық салықтық жеңілдік бар. Жеңілдіктер алда әлі де қаралады. Ал басқосуға келген үкіметтік емес ұйым өкілдері "кәсіпкерлер мүгедектер мен ардагерлерге қол ұшын созуға асықпайды" деп ренжіді.

Баян Ахметжанова, «Форум Астана» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры:

Маған әлі бір рет те бизнесмендер көмектескен жоқ. Бір дөңгелек үстелге отырып, сендер қандай, қалай жұмыстарыңды көрсетесіңдер, қалай оны асырасыңдар. Бізден не керек, сендер бізге не бере аласыңдар деп. Ал біз айтамыз, ҮЕҰ-мен қазір жұмыстар атқарса, қарттарға, мүгедектерге, далада жүрген балаларға көмектессе.

Айгүл ӘДЕПБАЙ