$513 €541.16 ₽4.69
×

СІМ "Гүлнәр турдың" лицензиясын қайыруды дұрыс санайды

AstanaTV
10.07.2014ж. 20:00
1094
СІМ "Гүлнәр турдың" лицензиясын қайыруды дұрыс санайды

Туристерді ала жаздай сергелдеңге түсірген "Гүлнәр тур" операторы лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігі аты шулы компанияның жұмысын тоқтату туралы тиісті мекемеге талап-арыз жазған. "Дегенмен, қандай да бір шешім қабылдау Туризм комитетінің құзіретінде", - дейді министрдің орынбасары Рапиль Жошыбаев. 

Рапиль Жошыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Туризм комитетіне хат жібергенбіз, осы салада істеп жүрген компанияларды бақылауға алып, жұмыстарын туып отырған проблемалардың бәрін шешуге дайын болсын деп. Бірақ "Гүлнәр турға" біз хат жібердік, отчет беріп бізге, немесе оның лицензиясын алу керек деп. Жұмыс жүргізіліп жатыр осы салады.

Еске салайық, «Гүлнар тур» компаниясының қызметінен зардап шеккен туристер саны мыңға жуық. Олардың бірқатары Түркиядан елге қайта алмай, кідірсе, туристік оператордан жолдама алған тынығушылардың бір легі дер кезінде аттана алмай, еліміздің әуе жайларында сарылды. Туризм және Азаматтық авиация комитеттері жырақта қалған қазақстандықтардың сенбіге дейін елге оралатынын мәлімдеді. Туристер мен олардың туыстарына Қазақстанның Анталиядағы консулдығына жүгінуге және аймақтардағы шұғыл желі бойынша қоңырау шалуға кеңес берілген.

Айта кетерлігі, жолаушылардың жол пұлына бюджет қаржысынан әлі бір тиын да шығын шықпаған. Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, ұлттық тасымалдаушы "Эйр Астана" 50 пайыздық жеңілдікпен, қалған әуе компаниялары Түркиядан шыға алмай қалған жолаушыларды тегін қайтарып жатыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ