$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Ақтөбеде өндірістегі жарақаттар жасырын қалуда

AstanaTV
10.07.2014ж. 20:00
1600
Ақтөбеде өндірістегі жарақаттар жасырын қалуда

Ақтөбе облысында Еңбек кодексінің талаптары өрескел бұзылған. Өндірісте жарақат алған азаматтардың құқықтары тапталып, тиісті деңгейде көмек көрсетілмейді. Бұл тұралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеп отыр.

Атап айтсақ, жазатайым оқиғада жапа шеккен азаматтарға көмек көрсеткен аурухана мамандары тиісті органдарға хабар бермеген. Мысалы, өткен жылы тек облыстық жедел жәрдем ауруханасының өзіне 412 адам өндіріс алаңынан жеткізілген. Бірақ еңбек инспекциясы тек 153 деректен хабардар боп шықты. Биылдың өзінде дәрігерлер 74 зардап шегушінің бесеуіне қатысты ақпаратпен бөліскен. Құзырлы орган өкілдері: "Еңбекті қорғаушы инспекторлардың да жұмысында ағаттық көп", - дейді. Арызданған азаматтардың өтінішіне атүсті қарап, тіпті тексеру тағайындамаған кездері де болған.

Айта өту керек, қазіргі таңда Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының бұрынғы басшысы Марат Ғабидуллинге қатысты іс сотта қарастырылып жатыр. Оған өндіріс орнында болған өлімге қатысты мекеме басшысының жазасын жеңілдету үшін 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу дерегі бойынша айып тағылған.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөе облыстық прокуратурасы I-басқармасының бастығы:

Өндіріске байланыста жазатайым оқиғаларға қатысты түскен мәліметтер бойынша уәкілетті органдар тарапынан тиісті тексерулер жүргізілмеген фактілері анықталды. Олардың саны 16 болып табылып отыр. Бұл факті бойынша біз процессуалды шешім қабылдау үшін, материалдарды қаржы полициясы органдарына жолдадық. Бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр олардың тарапынан.

Мансұр ЕСҚОЖИН