"Джохар Царнаев қолдан бомба жасауға әуес болатын. Және зорлық
зомбылыққа да жақын еді". Бостон сотында қазақстандық студент Азамат
Тәжаяқов федералды агенттерге осылай деді. «Boston Globe» газеті
жазғандай, Азамат Тәжаяқов өткен жылы кіші Царнаевтың ағасы Тамерланмен бірге
атысқа қатысқанын да жайып салды. 3 адам ажал құшып, тағы 260 адам жараланған
жарылысқа Джохар Царнаевтың қатысы бар дегенді естігенде, отандасымыз қатты
таңырқаған. Ол "Джохар радикалды діни ағымдарға еріп кеткен ағасы
Тамерланның ықпалында болды" деп есептейді.
Ал прокуратура, Тәжаяқов пен
Қадырбаевтың пиротехника және ноутбук салынған дорбаны алып кеткенін растап
отыр. Тергеу нәтижесіне сай, олар мұны федералды тергеу бюросы таратқан жаңалықтарда
Царнаевтың фотосын көрген соң жасаған. 20 жастағы Тәжаяқовтың адвокаттары
болса, Азаматтың ол дорбаны бөлмеден алып шықпағанын алға тартуда. Кінәлары
дәлелденсе, 25 жыл жаза арқалауы мүмкін жерлестеріміз кінәсін мойындамай отыр.
Еске салайық, былтыр Бостон марафонында теракт болған кезде Азамат Тәжаяқов пен
Диас Қадырбаев Дартмут университетінде оқып жүрген-ді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА