$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясы Елбасы жолдауын жүзеге асыру мен халыққа насихаттау жұмыстарын бастап кетті

AstanaTV
03.12.2015ж. 20:00
1318
«Нұр Отан» партиясы Елбасы жолдауын жүзеге асыру мен халыққа насихаттау жұмыстарын бастап кетті

«Нұр Отан» партиясы Елбасы жолдауын жүзеге асыру мен халыққа насихаттау тұрғысында ауқымды жұмыстарды бастап кетті. Бұл туралы партияның орталық аппаратында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды.

Жолдауды халыққа түсіндіру жұмыстарына «Нұр Отан» партиясының барлық ресурстары мен мүмкіндіктері тартылған. Ең алдымен бұл маңызды міндет 860 мыңнан аса партия мүшелерінің басын біріктірген 5 667 бастауыш ұйымдарына жүктелді. Осы ұйымдар арқылы халықпен тығыз байланыс қамтамасыз етілген. Жүргізіліп отырған реформалардың маңызы жан-жақты түсіндіріліп жатыр. Сонымен қатар, партияның басты активі - Ұлт жоспарына қатысты заңдарды қабылдауға қатысқан Мәжілістегі фракцияның депутаттары, 3 мыңнан асатын жергілікті мәслихат депутаттары мен партия филиалдары саяси кеңестерінің мүшелері де осы іске жұмылдырылған. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Осы жолғы жолдауда, біріншіден, бұрынғы жолдаулардың жалғасы, әсіресе «Қазақстан 2050» стратегиясының құрамды бөлігі. Халықтың мүмкіндігін мейлінше жүзеге асыру, сол бағытында жасалып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жылдан жылға дамытып, көтеріп келе жатқан мәселелерінің нақты-нақты орындалуы.

Берік ХАСЕНОВ