$532.74 €617.23 ₽6.77
×

2030 жылға дейін Қазақстан атмосфераға шығарылатын зиянды қоспаларды 25% дейін азайтады

AstanaTV
03.12.2015ж. 20:00
1133
2030 жылға дейін Қазақстан атмосфераға шығарылатын зиянды қоспаларды 25% дейін азайтады

2030 жылға дейін Қазақстан атмосфераға шығарылатын зиянды қоспаларды 25% дейін азайтады. Назарбаев университетінің инновация жөніндегі вице-президенті Қанат Байғарин осылай деп  мәлімдеді. Ол үшін станция, техникаларды өзгертудің қажеті жоқ, жаңартылған энергияны пайдалануға көшуіміз керек,- дейді ғалым. 

Айта өтейік, осы күндері  Франция астанасы Парижде «Болашақ энергиясы - 2015» халықаралық форумы өтіп жатыр. Онда «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және болашақ энергиясы» тақырыбы қамтылған. 11 желтоқсанға дейін жалғасатын форум жұмысына 194 елден 40 мыңнан астам делегат қатысуда. "Атмосфераға зиянды қалдықтар шығаруды азайту" басты тақырыптар қатарында. Зиянды қалдықтарды азайтуды қолдайтын 160 мемлекеттің арасында Қазақстан да бар.

Қанат Байғарин, Назарбаев университетінің инновация жөніндегі вице-президенті: 

Елімізде зиянды заттардың ауаға шығарылуы 90 жылдармен салыстырғанда әлдеқайда азайды. Яғни шамамен 20-25 пайызға төмендеген. 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарылымын тағы 25 пайызға төмендетуді көздеп отырмыз. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА