Биылдан бастап Бірыңғай ұлттық тестке қатысып, шекті баллдан жоғары ұпай
жинаған балалар үйінің түлектері жоғарғы оқу орындарында тегін білім алады.
Осындай жағымды жаңалықпен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов балалар
үйінің түлектерімен кездесуде бөлісті. Министр мемлекеттік білім беру жүйесі
шеңберінде "Бөбек" қорының қолдауымен әр баланың жеке есепшоты
ашылғанын айтты. Қор президенті Сара Назарбаева есепшотқа 5 миллиард теңге
салған.
Бүгін Астана қаласындағы балалар үйінің 16 түлегі оқуға бөлінген
сертификаттарын министрдің қолынан алды. Айта өтейік, бүгінгі таңда балалар
үйінде 6 889 тәрбиеленуші бар. Биыл олардың 103-і мектеп бітіріп, Біріңғай
ұлттық тест тапсырды. Араларында 64 бала шекті деңгейден асып, жақсы нәтиже көрсетіп
отыр.
Аслан Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі:
Бұл өте жақсы бір бастама деп ойлаймын. Өте жақсы бір қолдау, көмек. Жоғары
оқу орындарына келіп, сол жерде жатақхана мәселесі бар, басқа әлеуметтік
мәселелері бар. Ол мәселелер біздің балалар комитеті арқылы шешілетін болады.
Оларға арнайы стипендия болады, жатақхана мәселелері шешіледі.
Әзизә Тоқай:
Мен өте қатты қуаныштымын осындай мүмкіндігіне. Осындай мүмкіндік барлығына
бірдей берілмейді. Тырысамын енді сол оқуға түсуге. Мамандығым информация,
технология.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА