Жаңа жылдық таңғажайып. Осындай
атаумен Қостанай облыстық өлкетану мұражайында өзгеше көрме ашылды. Оған Жаңа жыл мерекесімен тығыз
байланысты көне ойыншықтар қойылды. 100-ге жуық әшекейдің көпшілігі 20 ғасырдың
ортасында жасалған. Аяз ата мен Ақшақар мүсіндері, ашық хаттар мен шырша
безендіретін ойыншықтар.
Мұражайға келушілер бұдан бөлек Жаңа жыл кейіпкерлерін
де тамашалады. Көрмедегі ең ескі Аяз ата кейпіндегі ойыншық осыдан 62 жыл бұрын
жасалыпты. Жәдігерлердің жартысын қостанайлық коллекционер Вениамин Цыз
ұсынған. Жаңа жыл қарсаңында ашылған көрмеге келушілердің қарасы қалың.
Нәзима Оташева, Қостанай облыстық өлкетану мұражайының
бөлім меңгерушісі:
20 ғасырдың орта шеніне дейін
мұндай ойыншықтар әр суретшінің қиялына
байланысты жасалған. Әрқайсысы өздері қолмен безендіріп, әшекейлеп отырған.
Ал кейін осы ойыншықтарды пластмассалар алмастырды. Ойыншықтардың енді
сапалылығы, құндылығы сол - 60 жылдан астам болса да, әлі күнге дейін өзінің
сапалы-құндылығын сақтаған.
Заңғар САНАЙ