$494.95 €525.49 ₽5.05
×

The New York Times: Қазақстан мен МАГАТЭ ядролық отын банкін салуға асығар емес

AstanaTV
15.07.2014ж. 20:00
1151
The New York Times: Қазақстан мен МАГАТЭ ядролық отын банкін салуға  асығар емес

"Қазақстан мен МАГАТЭ ядролық отын банкін салуға  асығар емес".  The New York Times басылымы осылай деп жазады. Тақырыпты сараптаған Сэм Банн атты журналист әлемге, оның ішінде Қазақстанға мұндай құрылым аса қажет деп санайды. Мақаладағы үзіндіге тоқталсақ.

"Қазақстанның артықшылығы - орналасқан жері. Каспий теңізі арқылы Иранға тікелей шығуға мүмкіндік бар. МАГАТЭ есебінше Үлбі металлургиялық зауытының инфрақұрылымы банк құруға ыңғайлы. Алайда үш жыл бойы МАГАТЭ да, Қазақстан да бір шешімге келе алмай отыр. Жобаға екі жақтың қаражаты жұмсалатындықтан, барлық тәуекелдер саралануы тиіс. Оның ішінде Үлбі зауытының  сейсмикалық жағдайын әбден зерттеп алу қажет."

Америка сарапшылары :"Мұндай қойма құрылысы Иранмен арадағы ядролық бағдарлама келісімінде үлкен "алтылық" позициясын арттырады. Еуропаны Ресей энергетикасына тәуелдіктен біржола құтқарады",- дейді. 

Еске салайық, 2010 жылы желтоқсанда халықаралық энергетикалық ұйым ядролық отын банкін құру қажет деп шешкен. Жарты жылдан соң Қазақстан оны өз аумағында орналастыру туралы ұсыныс білдірді.   

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ