Украина
мен Сириядан еліміздің оңтүстігіне көшіп келіп жатқан адамдарға Қазақстан
босқын мәртебесін береді. Сөйтіп олар елімізде уақытша тұруға мүмкіндік алмақ.
Ал 5 жылдан кейін Қазақстан азаматтығына
да қол жеткізеді.
Бұл туралы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитеті төрағасының
орынбасары Аслан Қаржаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг
барысында мәлімдеді.
Аслан
Қаржаубаев,
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының
орынбасары:
Украинадан
олар шетке шығатын төлқұжаттарын ала алмай ішкі құжаттарымен шығып жатқан
көрінеді. Сондықтан Ресей жағы біздің шекарадан жібермей жатқан көрінеді.
Шынында да өміріне қауіп төнген азаматтар келіп жатса, оларға босқын мәртебесі
беріледі. Босқын мәртебесі уақытша беріледі. Уақытша тұрушы болып саналады.
"Украинадан елімізге қашып келіп жатқан босқындар қауіпті
сепаратистер". Ғаламторда осындай мағынада жарық көрген ақпарат шындыққа
жанаса ма? Көші-қон комитеті басшылығы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.
Аталған елдерден
нақты қанша адамның қашып келгені де әзірге беймәлім. Бір белгілісі, бүгінгі
күні Қазақстанда 589 босқын бар екен. Олар кезінде Ауғанстан, Өзбекстан,
Тәжікстан сынды елдерден қоныс аударғандар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ